Қайырбекова Бағжанат
Дындарбекқызының «Болашақ ауыл мектебі мұғалімінің деонтологиялық даярлығын
қалыптастырудың теориясы мен практикасы» атты 13.00.01 – Жалпы педагогика,
педагогика және білім тарихы, этнопедагогика мамандығы бойынша орындаған докторлық диссертациясының
авторефератына
ПІКІР
Тәуелсіз
еліміздің ғаламдық жаһандану жағдайындағы білім жүйесі әлемдегі адамзат
перзентіне ортақ тұтас ғылым һәм білім кеңістігін қалыптастыру ісіне жеке
үлесін қосу барысында жаңаша ойлау құндылықтарын сұлбалануы науқанын таңдауды
қалайды. Аталмыш сәулетті қоғам салтанатын қиял кейпінен ұлттың баға жетпес
ғажайып игілігіне айналдыру - бүгінгі ұмыт бола бастаған ауыл мектебіндегі сыры
кетсе де, сыны кетпеген тәжірибелі ұстаздар қауымының ұлағатты істерінің
нәтижесі арқылы қол жеткізуге болатынын бүгінгі заман бетбұрысы ерекше
байқатуда. Демек, қол жетпес ұлт қазынасын болашақ ұрпақтың сарқылмас байлығына
айналдыру киелі жеріміздің қай мекенінде болмасын ғұмыр кешкен әр адамның өне
бойындағы табиғи болмысының өзіндік қалыпты жағдайында сақталып, өскелең
ұрпақтың танымдық тұлымы болар - ата дәстүрінің жалғасы іспеттес ілкі қазынаға
айналуы замана перзенттерінің асыл мұралары болып қала беретіні заңды құбылыс.
Осы орайда, зерттеу жұмысының бүгінгі білім
жүйесін заманауи талаптарға сай қайта модернизациялау мақсатында алыс-шалғай
орналасқан ауыл мектептерінен бастаған ісі тек ғылыми-педагогикалық жағынан
ғана құнды емес, сонымен қатар жалпы ұлттық дүниетанымымыздың жаңа формация
форматына лайықтау ісінің көшбасшысы болатындығына күмән келтірмейтін еңбек деп
бағалауға тұрады. Аталмыш зерттеу жұмысының өзектілігі мен ғылыми қажеттілігі
бір төбе болса, өз ретінде диссертант және оның қилы арналар кедергілерінен
мүдірмей өтуіне далалық данышпандық тұрғысынан ғақлияттық бағыт бере білген
ғылыми ұстазының соңғы ғылыми-зерттеу кеңістігінде сирек кездесетін ілудегі
дара батыл қадамдары һәм ұмтылыстарына жоғары баға бергеніміз орынды.
Зерттеу жұмысының тақырыбын таңдау үдерісінің қай тұрғыдан қиыстыра һәм
астарлай зерделесек те, айтар ой мен күтілетін нәтижелердің түп-тұқиянын
алдын-ала күрделі ой-маржандар шуақтарын шашау шығармай, осы сала бойынша аянбай
тер төккен сайыпқырандардың ой електерінен өткен құнды дүниелеріне әрі шешімді,
әрі зілді баға бере отырып, өз кезегінде мақсат-жүктің болашақ кемел
зердеперзенттердің талқысына түсіп, назар аударуларына тұрарлықтай деректі
дәйектелініп, ой-таным һәм ұлттық әфсанна йірімдеріне терең бойлап, шебер
болжам жасай алғандығының өзі бір асқар биікке тән дүние.
Біздің назарымызға ұсынылған еңбектің жалпы
кескіндемесіне бірқыдыру тәсілі арқылы сөйлем тұжырымдап, салиқалы ой тұспалдау оңайға түспеді. Оның қуантарлық
бір көрінісі соңғы кемел ұрпақ пен зерделі ұрпақ арасындағы әр ғасыр
бесігіндегі алтын тербеліс жиелігіндегі танымдық тоғысу кезеңінің қазақи қалпын
сақтай отыра, аласапыран төрткүл дүниенің күрделі сипатын қарапайым ұғым арқылы
бағындыруға талпынған ата толғанысының жұлдыз болып жарқырағаны қалың бұқараға
ой салғаны болса, келесі жағдайындағы мұңайтқаны есіл арыстар жүрегінен ұшқын
алып, ұлттық құндылықтарды сол күйінде сақтай отыра, өскелең ұрпақтың шынайы
игілігіне айналдыру ісіне топалаң тосқауылдардың мезгілсіз араласуы салдарынан,
аталмыш игі бастаманың дарынды жастар санасынан көп уақыт оздыра орын алғаны
дер едік.
Осы орайда Қайырбекова Бағжанат
Дындарбекқызының көпшілік назарына ұсынған көлемді еңбегі жоғарыда аталып өткен
ұлт тағдыры һәм ұрпақ болашағына қатысты ауқымды мәселелердің терең сараланып,
көпшіліктің талқысынан өтіп, өз кезегінде осы сала бойынша көлемді зерттеу
жүргізетін ізденімпаз жандардың қанжығасына майланғаны әбден дұрыс болар еді
деп топшылаймыз.
Ізденімпаз Б.Дындарбекқызы ғылыми ұстазы айтан
маржан идеялар мен қол жеткізген тәжірибелерді таным елегінен өткізіп, түптеп келгенде
жеке ойын сабақтай отыра жүрегінің түбіндегі ғайып көріністерді талмай ізденген
жемісті күндер нәтижесі арқылы қағаз бетіне шебер бейнелей білген. Ой түбіндегі
алтын тамырдан нәр алған сындарлы сөз тізбектері бір-бірімен ою-өрнектей
жымдасып, тұнық тұжырымдармен әрленген.
Авторефераттағы сөзжасамдық ой-тұжырымдар
ғылыми тәртіп реттілігін сақтай отыра жеке-жеке тармақталған төрт тараулы тың
тақырыпты құрап, айтар ой жұпарлары көлденең келген қисынсыз сұрақтардың
өктемдігіне тойтарыс беретіндей сақадай сай тізбектелген. Ғылыми аппараттың
жасамдары соңғы дейектермен толғамды толықтырылып, айтар ойды жеткілікті
айғақтатып, ізденіс жаңалығының тәжірибе жүзінде расталып, теориялық тұрғыда
терең зерделенуі ғылыми жаңалықтың ақиқаты жөніндегі дәрменсіз күмәнді тұтастай
сейілтіп тұр. Ұзақ жылдар бойы «кеңесіп пішкен» ой орамдары мен кемел ұсыныстар
батыл болжамға ұласып, қанжардай өткір, тұлпардай ұтқыр, бүркіттей ұшқыр
ақпарат ағындарын тіліп жүріп жол салып, көзі ашық һәм көкірегі ояу арманшыл
ортаның санасына нәр беріп, сәулетті ғылым келешегінен үмітін үзбеген зерделі
ұрпақтың таным кілтін қолдарына ұстатқандай.
Болашағынан үлкен үміт күттіретін жас ғалымның
қыналы еңбегі бір кезеңде өртке оранып, бір мезгілде ақ сұңқардай көкте
қалықтап жас ұрпақ санасын селт еткізер серпінді ой орамын олжалатқан күй кешуі
барысында, міншіл оқырманның көңіліне салқын сызат түсіретін жайсыз жақтарының
кемпірқосақтай керіле қалғанын байқамаған сияқты. Оның түп-төркінін аталмыш
зерттеу жұмысының негізгі көмбесі болып табылатын болашақ ауыл мектебі мұғалімінің
деонтологиялық даярлығын қалыптастыру дүниесінің ауылдың алтын бесігі болып
табылатын ұлттық тәлім-тәрбие құндылықтарымен тығыз байланыста зерделенбегені
деп үміттенеміз.
Қорыта келгенде, Қайырбекова
Бағжанат Дындарбекқызының «Болашақ ауыл мектебі мұғалімінің деонтологиялық
даярлығын қалыптастырудың теориясы мен практикасы» тақырыбында әзірленген
диссертациясы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің білім және
ғылым саласындағы бақылау Комитетінің талаптарына сәйкес орындаған деп санай
отырып 13.00.01. - Жалпы педагогика, педагогика және білім тарихы,
этнопедагогика мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының докторы ғылыми
дәрежесіне лайық деп есептеймін.
Пікір беруші:
ҚР Білім және
ғылым министрлігі Халықаралық
«Балдәурен»
оқу-сауықтыру кешені Бас директорының
ғылым жөніндегі
орынбасары, «Атамекен» ұлттық
тәлім-тәрбие
бағдарламасының авторы, «Көкше» академиясы
қазақ
этнопедагогикасы зертханасының жетекшісі,
педагогика
ғылымдарының кандидаты: М.Қ.Құрсабаев
Комментариев нет:
Отправить комментарий