Астана қаласы №35
мектеп-лицейі бейнелеу өнері пәні мұғалімі
Қазымбек Абай
Қуанышбайұлының «Жалпы білім беретін мектептердің мұғалімдеріне арналған
әдістемелік көмекші құрал» («Бейнелеу өнері» пәні, 5-6 сынып) атты әдістемелік
құралына
РЕЦЕНЗИЯ
Аталмыш әдістемелік құрал жалпы білім
беретін орта мектеп практикасындағы «Бейнелеу өнері» пәнін оқу-тәрбие
процесінде шығаармашылық форматта пайдалану мәселесін қамтыған.
Автордың негізгі әдістемелік-шығармашылық
бағыты пәнді оқушылардың интеллектуалдық
қызығушылығын арттыру барысында қосымша мәліметтер, көрнекіліктер һәм
графикалық қисындар, сондай-ақ оқулықтың мазмұнын терең меңгеруге мұрындық
болатын дидактикалық материалдарды мектеп тәжірибесінде кешенді игеруге
арналған.
Ғылыми шығармащылық интерпретацияға
сүйенген еңбектің жалпы сұлбасы стандартқа сай он қысқаша бөлімнен тұратын
тақырыптарды қамтыған. Берілген анықтамалар мен дидатикалық шешімдер стилистикалық және логикалық сөзжасамдар
тұрғысынан өз деңгейінде болмағанымен, жалпы пәнді қомымша материалдар арқылы
игеруде (түрлі-түсті кескіндер, фотоматериалдар, авторлық сурет галереясы,
компьютерлік дизайн, түрлі кескін этюдтары т.б) ұстаздың педагогикалық
тәжірибелеріне негізделген тұстар мақтауға тұрарлық.
Еңбектің стилистикалық олқылықтары жалпы
автордың әдістемелік оқу құралының орта мектеп практикасы үшін қажет материал бола алатын құндылығына нұқсан
келтіріп тұрған жоқ.
Дегенмен, оқу құралы авторының және пәнге
байланысты аталған сын-ескертулер мен пайдалы ұсыныстардың заманауи қажеттігін
ескере келе, аталмыш әдістемелік көмекші
құралдың баспадан жарық көруі кезек күттірмейтін іс екенін жеткізгім келеді.
«Тұран-Астана» университеті
«Туризм және сервис»
кафедрасының оқытушысы,
педагогика ғылымдарының
кандидаты:
М.Құрсабаев
Комментариев нет:
Отправить комментарий